1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін (сақтандырылған/сақтандырылмаған) тексеру сервисі енді Bereke Bank мобильді қосымшасында да қолжетімді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін тексеру тәсілдерінің қолжетімділігін және соңғы 12 айдағы төлемдерді көру мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Енді бұл қызмет Bereke Bank мобильді қосымшасында да іске қосылды.

Ол үшін мобильді қосымшаны жүктеп, авторизациядан өту қажет. Кейін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміндегі «МӘМС» қосымша бетіне өтіп, ЖСН енгізу жеткілікті. Мұнда азаматтың мәртебесімен қатар соңғы 12 айдағы төлемдері де көрінеді.

Егер мәртебе «сақтандырылмаған» болса, осы қосымша арқылы «Төлемдер» бөлімінен МӘМС жарналарын төлеуге болады.

«Ақпараттық арналарды кеңейту, соның ішінде Bereke Bank-пен серіктестік жарналарды уақытылы төлеу бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға көмектеседі. Нәтижесінде, банк клиенттері МӘМС аясында медициналық көмекке қол жеткізе алады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

«Bereke Bank қызмет көрсету сапасын арттыруға, оның ішінде олардың ыңғайлылығы мен сенімділігіне басты назар аударады. Клиенттеріміздің барлық қажетті сервистерді онлайн алуына мүмкіндік жасау үшін біз қызмет көрсету арналарының тиімділігін арттырып, жаңа шешімдерді енгізуді жалғастырамыз», – деді банктың корпоративтік бизнес жөніндегі басқарушы директоры Владимир Бондарь.

Айта кетейік, жақында МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру сервисі Freedom Bank мобильді қосымшасында, бұған дейін бұл қызмет Халық банк, Kaspi Bank және Банк ЦентрКредит қосымшаларында іске қосылды. Сондай-ақ өзге де екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларына енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

18.02.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу